20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБастаушы (Самар ауданы) ауылдық округіне қарасты Көкжота ауылында 15 қойдың өлексесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Аltaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғын Еділхан Сарбасовтың қорасына белгісіз жыртқыш аң кіріп, 15 бас қойды қырып, онын жаралаған.
Оқиға орнына аудан әкімі Нұрлан Махамбетов, ауылдық округ әкімі Арман Кеңесбеков, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері шұғыл аттанды.
Белгісіз жыртқыш есік астынан өткел қазып, қораға кірген. Бұл сілеусін секілді. Егер ол қасқыр болса, қойларды жұлмалап тастар еді, бірақ бұл жыртқыш өлекселерді сол күйінде қалдырды. Қойлардың өлексесі мал көметін арнайы орынға көмілді. Бұл жыртқыштың сілекейінде әртүрлі қауіпті аурулардың инфекциясы болуы мүмкін. Қазір ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері келген шығынды есептеп жатыр, - деді аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашев.
Жабайы жануарлардың малға қайта шабуыл жасауының алдын алу үшін жергілікті атқарушы органдар орман шаруашылығы басшыларына жыртқыш аңдарға бақылауды күшейтуді тапсырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?