18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Шығыс Қазақстан облысында былтыр жиырмадан астам мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Altaynews.kz-е сілтеме жасап.
Облыс бойынша Тарбағатай, Самар, Шемонаиха аудандарының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, салынған айыппұлдан сомасы бір миллион теңгеден асқан.
2023 жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБтК 680-бабы бойынша аудандар әкімдіктерінің дербес бөлімдерінің төрт басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы - 1 035 000 теңге", - деп жазылған ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі таратқан ақпаратта.
Былтыр жиырмадан астам мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 14-і кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны үшін жазаланды. Жалпы, олардан 6 млн теңгеден астам қаражат өндірілген.
Бұдан бөлек, үш мемлекеттік қызметшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі). Мемлекет кірісіне 918 900 теңге өндірілді.
ШҚО қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің тағы алты басшысына ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша айыппұл салынды (іс жүзінде адамды лауазымға тағайындау, активтер мен міндеттемелер туралы декларациясыз). Өткен жылы айыппұлдардың жалпы сомасы 7,84 млн теңгені құрады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр