20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШығыс Қазақстан облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген Моңғолияның 3 азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары «Учаске» жедел алдын алу шарасы барысында заңсыз еңбек мигранттарын анықтады.
Моңғолияның 3 азаматы өңірге мамыр айында келген. Уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат құжаттарын алмаған олар Ұлан ауданында түрлі жұмыс істеп жүрді. Аудандық соттың шешімімен шетелдіктер Қазақстан Республикасынан шығарылды. Енді оларға 5 жыл көлемінде ел аумағына кіруге тыйым салынды. Осы ретте, тұрғындарға халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғандарды қабылдағандар да әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз, - делінген ақпаратта.
Жалпы шара барысында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 50-ден астам шетелдікті жауапқа тартты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?