7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Шығыс Қазақстан облысында шаруа қожалығына найзағай түсіп, 100 орам пішен жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлан ауданы Сағыр ауылынан 17 шақырым жердегі шаруа қожалығында өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті.
Белгілі болғандай, шаруа қожалығының аумағына найзағай түсіп, 100 орам пішен жанып кетті. ТЖД қызметкерлері мен шаруа қожалығының жұмысшылары лезде тілсіз жаумен күреске кірісті. Көп ұзамай от толықтай ауыздықталған. Зардап шеккен ешкім жоқ. Осылайша, 600 орам, яғни 180 тонна пішеннің жанып кетуіне жол берілмеді, - делінген ақпаратта.
Бұл ретте, ведомство өкілдері шаруа қожалығы иелеріне жем-шөпті сақтаған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбау қажеттігін ескертеді. Шөп сақталған орын электр желілеріне дейін кемінде 15 метр, жолдарға дейін кемінде 20 метр, ғимараттар мен құрылыстарға дейін кемінде 50 метр қашықтықта болуы тиіс.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?