Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШығыс Қазақстан облысында қатты жел салдарынан дала өртінің беті қайтпай жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде өрт сөндірушілер дала өртімен күресіп жатыр.
Тілсіз жау 27 маусымда қаладағы Станиславский көшесінің бойындағы Скалистое саяжай қауымдастығында шыққан. Жалынның жалпы ауданы - шамамен 2 гектар.
Ашық алаңда шөп өртенуде. Жағдайды қатты жел мен техниканың жетуіне қиын таулы жер қиындатуда. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД мен орман шаруашылығынан 68 адам және 13 техника жұмылдырылды, - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде халыққа қызмет көрсету орталығы отқа оранғанын хабарланған едік.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек