19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында полицейді ұрған ер адам 3 жылға бас бостандығынан шектелді. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Департаменттің мәліметінше, түнгі уақытта 36 жастағы ер адам такси жүргізушісіне жол ақысын төлеуден бас тартқан. Сол кезде жүргізуші мас жолаушыны қалалық полиция бөліміне алып келеді.
Ол полиция бөлімшесінде де дөрекі мінез танытып, балағат сөздер айтып, такси жүргізушісін қорқытуын тоқтатпаған. Сол кезде полиция қызметкерлері Риддер тұрғынын тәртіпке шақырады. Бірақ ер адам бұл талапқа бағынбай, заңсыз әрекеттерін жалғастырып, инспектордың бетінен екі рет ұрып жіберген, - делінген ақпаратта.
Сот шешімімен 36 жастағы айытпалушы кінәлі деп танылды. Оған 40 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту және 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары