20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШығыс Қазақстан облысында шаруа қожалықтарынан 30-дан астам мал ұрлап, Алматы облысына өткізген адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ұлан ауданының аумағында ұзақ уақыт мал ұрлығымен айналысқан ер адамды қолға түсірген.
Белгілі болғандай, ол 2023 жылы жергілікті шаруа қожалықтарына үш рет ұрлыққа түскен. Сөйтіп, 33 бас малды ұрлап кетті. Содан соң малды Алматы облысына өткізіп жіберген. Тәртіп сақшылары аталған өңірдегі базарлардың бірінен малды тауып, жәбірленушілерге қайтарды. Материалдық залал толығымен өтелді, - делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Ол Ұлан ауданындағы ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?