Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Шығыс Қазақстан облысынадғы орман өрттерінің барлығы сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өрт сөндірушілердің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында Ұлан ауданында Приморск орманында және Глубокое ауданында Комсомол орманшылығында (Өскемен қаласының маңы) құрғақ шөптердің жануы сөндірілгенін мәлімдеді.
Ұлан ауданында 2023 жылдың 26 маусымынан бастап өртпен күресіп, жалпы ауданы 5 гектар, ал Өскемен қаласының шетіндегі өртпен кешегі түстен бастап арпалысып, 14,2 га алаңда сөндірілген.
Естеріңізге сала кетсек, бұл екі өртті сөндіруді таулы, жартасты жерлер мен қатты соққан желдің екпіні қиындатып, жағдайды ушықтыра түсті. Бұл өртті бірден үлкен аумаққа таратты.
Қол жетпейтін жерлерде өрттерді сөндіру үшін ШҚО әуе бөлімшесінің тікұшақтары қолданылды. Ұлан ауданында орманшылар мен су десантын жеткізу үшін, екіншісінде әуе бөлімшесі 7 рет су төкті, осылайша өрттің таралуына жол берілмеген.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай