10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысында сел жүру қаупі жоғары кезең басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мамыр айының ортасынан өңірде сел қаупі жоғары кезең басталды.
Жалпы облыс бойынша сел жүру қаупі төніп тұрған 13 ошақ бар, олар Алтай, Катонқарағай, Зайсан аудандары мен Риддер қаласында орналасқан.
Аталған аудандардағы таулардың басында 146 мұздық көл пайда болды. Бұл көлдер 13 елді мекенге қауіп төндіреді. Мамандар жыл сайын көлдер мұздан әлі ашылмаған сәттен бастап және олардың толық еруіне дейін сел қаупін бақылау үшін аэровизуалды зерттеу жүргізеді, - делінген ақпаратта.
Облыста 9 учаскеде көшкін қаупі бар.
Бұл негізінен автожолдарда, өзен бассейндерінде, Риддер қаласындағы Громотуха, Үбе, Алтай ауданындағы Бұқтырма, Хамир, Черновая, Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма, Зайсан ауданындағы Кендірлік жағалық еңістер мен таулардың кесінділерінде.
Сел қаупі бар учаскелерде 20 ескерту және тыйым салу қалқаны және көшкін қаупі жоғары учаскелерде 18 қалқан орнатылды. Сел және көшкін жүруі мүмкін аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, объектілер мен кәсіпорын басшыларына, жеке тұрғын үй иелеріне тиісті хабарламалар мен ұсынымдар жіберілді, - делінген хабарламада.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді