29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАгенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл фирманы ұйымдастырушылар 2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы сәуірге дейін Telegram-мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания болып танылып, салымшылардан заңсыз ақша алған.
Қаржы пирамидасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 234 азамат 350 миллион теңгеден аса қаржы салған.
Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен "Қамақта ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілмейді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек