Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФормула-1 жарысының аңызға айналған шабандозы Михаэль Шумахердің 2000 жылғы Венгрия Гран-приінде киген жарыс комбинезоны аукционда 95 650 еуроға сатылды. Бұл туралы f1news.ru-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Сол жылы Будапешттегі жарыста жеңісті Мика Хаккинен иеленсе, «Феррари» командасының неміс пилоты Шумахер екінші болып келген еді.
Аукционға тағы бір құнды жәдігер қойылды – Шумахердің 1995 жылы «Бенеттон» сапында өнер көрсеткен кездегі комбинезоны. Ол 61 360 еуроға сатылды. Бұған қоса, 2003 жылғы үлгідегі дулығаның чемпион қол қойған көшірмесі 11 250 еуроға өткен.
Бәссауда Италия Гран-приі күндері Михаэль Шумахер атындағы аймақта, Bonhams аукцион үйінің қолдауымен өтті. Түскен қаржының едәуір бөлігі жеті дүркін әлем чемпионының отбасы құрған Keep Fighting Foundation қорына аударылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді