20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӨңір әкімі Ермек Көшербаевтың айтуынша, туристік ақпараттық орталықтар желісі кеңейіп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көшербаев ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында Марқакөл мен Алтай аудандарында жаңа екі орталық ашылып жатқанын алға тартты.
Жол бойындағы сервисті де бір стандартқа сай келтіріп жатырмыз. Өңірдің туристік тартымдылығын арттыру үшін брендтік іс-шаралар өткізіп келеміз. Соның ішінде «AltaiFest – Өрлеу» жазғы фестивалі және «Шығыс Салбұрыны» құсбегілер мен бүркітшілер фестивалін атап өткім келеді. Бұдан бөлек, Бозанбай ауылында ұлттық спорт түрлерінің құзыреттілік орталығы ашылуда, - деді спикер.
Оның айтуынша, қонақжай үйлері ұйымдастырылған туризмнің үлгісіне және тұрғындардың табыс көзіне айналды.
Қатонқарағайдағы Коробиха ауылындағы әрбір үй алажаздай туристерді қабылдайды. Қазір Зимовье және Поперечное ауылдары осы бағытта дамып келеді. Табиғаты әсем, айналасы таулы аймаққа қысы-жазы келушілер жеткілікті. Риддер қаласында белсенді демалыс және тау шаңғысы спортымен шұғылдануға арналған кластер қалыптастыруды жоспарлап отырмыз. Ал Катонқарағай ауданында 4 жұлдызды отель мен 2-3 жұлдызды қонақ үйлер салынады, - деді облыс басшысы.
Қолға алған іс-шаралар жыл басынан туристік саладағы инвестициялар көлемін 23%, қонақтарды орналастыру көлемін 50%, ал демалушылар санын 20% арттыруға мүмкіндік берді. Туристерді көбейту үшін инфрақұрылым жақсартылып, қорықтар мен ұлттық саябақтар, тарихи-мәдени орындар жан-жақты насихатталуда. Сонымен қатар Қытай тарапымен бірлесіп Марқакөл (ҚР) және Қанас (Қытай) көлдері арасында трансшекаралық туристік маршрут ұйымдастыру көзделіп отыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?