Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШҚО-да өтетін «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына дайындық аясында Өскемен қаласы ТЖБ, ШҚО ТЖД қызметкерлері мен волонтерлер жер сілкінісі кезіндегі тәртіп ережелері бойынша тұрғындармен оқыту нұсқамаларын өткізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, азаматтардың басым бөлігін қамту үшін тұрғын үйлерді аралаудан басқа, құтқарушылар мен волонтерлер сауда орталықтары мен азаматтар көп жиналатын орындарға барады.
ШҚО ТЖД жер сілкінісі кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын еске салады:
егер сіз үй-жайда болсаңыз, тез арада қауіпсіз орынды таңдаңыз;
Ішкі есіктің ойығына немесе бөлменің бұрышына тығылыңыз;
Құлайтын сынықтардан немесе ауыр жиһаздардан сақ болыңыз;
Балконға жүгіріп шықпаңыз, терезеден және ауыр заттардан әрірек тұрыңыз;
Ғимараттан жүгіріп шықпаңыз, дүмпудің аяқталуын күтіңіз және тек сол кезде үй-жайдан шығыңыз;
Жедел сатыны пайдаланбаңыз. Шығар алдында суды, газды, электр желісін өшіріңіз;
Өзіңізбен бірге фонарь, алғашқы медициналық көмек қобдишасы, құжаттар болуы керек, дабыл чемоданын алыңыз;
Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз;
Жер сілкінісінен кейін радионы қосып, жер сілкінісінің эпиорталығы және одан кейінгі әрекеттер туралы ақпаратты тыңдаңыз.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді