19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?ШҚО-да жеңіл көлікпен жылқы тасымалдаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп бұзушы «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.
Полиция қызметкерлері патрульдеу барысында тексеру үшін 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан.
Автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықта ер адамның тиісті құжаттарсыз, сондай-ақ тасымалдау ережелерін бұза отырып, тірі жылқыны алып бара жатқанын анықтаған, - делінген мәліметте.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңды шешім қабылдау үшін жиналған материал Тарбағатай аудандық ветеринарлық-аумақтық инспекциясына жолданды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары