22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыШығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов құтқарушыларға жаңа мамандандырылған автомобильдер мен қызметтік пәтерлердің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, салтанатты рәсім облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен азаматтық қорғау органдарының ардагерлерінің қатысуымен Өскемен қаласының орталық алаңында өтті.
Тарихта алғаш рет ТЖ аумақтық бөлімшесі техниканың рекордтық санын алды. Автопаркке өтімділігі жоғары өрт сөндіру автомобильдері, жедел-құтқару және көмекші машиналар келіп түсті. Жаңа техника бөлімшелердің ұтқырлығын едәуір арттырып, өңірдің күрделі рельефі мен климаты жағдайында төтенше жағдайларға тиімдірек ден қоюға мүмкіндік береді.
Қуатты, техникалық жағынан жарақтандырылған құтқарушы-бұл мемлекетке сенімді тірек, әрбір қазақстандық үшін қорғаныш. Біз автопаркті жаңартып қана қоймай, азаматтық қорғау жүйесінің әлеуетін нығайтып, тұрақты болашақтың негізін қалаймыз, — деп министр атап өтті.
Сапар аясында гарнизон қызметкерлеріне жаңа қызметтік пәтерлердің кілттері табысталды. Бұл құтқарушылардың әлеуметтік қорғалуын арттыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды элементі. Ведомство кадрлық әлеуетті, жауынгерлік әзірлікті нығайтуға тікелей әсер ететін жеке құрамның өмір сүру және тұрмыс жағдайларын жақсарту міндеттерін жүйелі түрде іске асырады.
Сонымен қатар ТЖМ басшысы қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін ерекше көзге түскен қызметкерлерге ведомстволық наградалар, алғыс хаттар және арнаулы атақтар табыс етті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев