Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысының әкімі білім басқармасы мен ювеналдық полиция өкілдері, психологтар, ШҚО бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиын барысында балаларды буллингтен қорғау жолдары талқыланып, оларды құрдастарымен кикілжіңнен аулақ болуға, әлеуметтік желідегі контентті сүзгіден өткізуге үйрету мәселелері көтерілді.
Аймақ басшысы атап өткендей, мектеп психологтарының жұмысын сараптап, өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудегі рөлін күшейту маңызды. Сондай-ақ ата-аналарға бала бойындағы өзгерістерді бірден байқап, көмекке жүгіну құралдарын әзірлеу қажет. Оқушыларға психологиялық қолдаудың қолжетімділігі туралы ақпарат беріп, олардың өмірге деген көзқарасын жақсартуға үлес қосқан жөн.
Сондай-ақ жиын барысында облыстағы жастардың түрлі салада жетістіктерге жетіп жатқаны туралы мысалдар келтірілді. Мұндай жоғары нәтижелер мектеп оқушыларына шабыт беріп, алға жылжуға жігерлендіреді. Мамандар балалар арасындағы келіспеушіліктердің шешімі бар екенін де атап өтті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді