29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШҚО-да бір күнде адам өліміне әкелген екі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, 9 шілде күні сағат 11:50 шамасында Омбы – Майқапшағай тас жолының 1247-шақырымында Кенсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала көз жұмды.
Сонымен қатар сағат 13:30 шамасында Өскемен - Рахман қайнарлары тас жолының 53 шақырымында жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты, тағы бірнеше жолаушы дене жарақатын алған.
Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктеріңіздің жарамдылығын бақылауға алуға шақырады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек