6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТөтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерді тасымалдау үшін жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ "Қазавиақұтқару" ММ ұшқыштары "МИ-8" тікұшағында санавиация дәрігерлерінің бригадасымен ЖКО кезінде зардап шеккен 1991 ж.т. әйелді Риддер қаласынан облыс орталығына шұғыл тасымалдады.
Шұғыл медициналық рейстер жоғары кәсіби дайындықты және барлық қатысушылардың үйлесімді жұмысын талап етеді. "Қазавиақұтқару" ММ экипажы мен дәрігерлердің жедел іс-қимылдарының арқасында пациент Өскемендегі медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді. Ол жерде оған қажетті көмек көрсетіледі, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Қазақстан ТЖМ адам өмірін құтқару бойынша маңызды миссияны орындауды жалғастырып жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі