20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШҚО-да жеті баласына алимент төлемеген әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылғы 10 сәуірде заңды күшіне енген Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, әйел адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы – “Балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау” бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жиналған берешек сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады. Бұл қаражат жеті кәмелетке толмаған баланы асырауға арналған болатын. Ұзақ уақыт бойы олардың құқықтары мен мүдделері бұзылып келген.
Осы жылдың басынан бері ШҚО полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері алимент төлеуден қасақана жалтару фактілері бойынша сотқа тоғыз қылмыстық іс жолдады. Оның сегізі бойынша айыптау үкімдері шығарылды, – деді ШҚО ПД Анықтау басқармасының баcшысы Арман Үмітов.
Құқық қорғау органдары бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастырады: әрбір бала құқығының бұзылу фактісі заң аясында тиісті бағасын алады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?