10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жер үйден өрт шығып, 68 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Уварово ауылында жер үйдің кіреберісі мен шатыры өртеніп, сол уақытта үйде бірнеше адам болған.
Үй иесі көрші тұратын күйеу баласын көмекке шақырған. Евгений Шимин есімді азамат лезде көмекке келіп, баланы отқа оранған үй ішінен 5 жасар баланы алып шықты. Үй иесі де сыртқа шығып үлгерген. Алайда үйге қонаққа келген 68 жастағы әйел уланып, құтқарушылар жеткенше көз жұмды, - делінген ақпаратта.
Көп ұзамай жалпы ауданы 56 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Болжам бойынша қызыл жалынның шығу себебі - электр сымдарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан немесе отты абайсыз қолданудан болуы мүмкін.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді