7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Шығыс Қазақстан облысында биыл 4 бала туберкулезбен ауырған. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңір бойынша 195 адам туберкулезбен ауырған. Оның ішінде 4 бала және 4 жасөспірім бар. Бұл өткен жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда 5 пайызға аз.
Талдау көрсеткендей, облыстағы жұмыс істемейтін азаматтар ең осал санатқа жатқызылады, бұл жалпы ауырғандар санының 55,6%-ы. Туберкулезге тән белгі – жөтел. Егер жөтел екі аптадан астам уақытқа созылса, міндетті түрде медициналық мекемеге барып, тексерілуіңіз керек. туберкулез емделеді, бірақ емдеу мерзімі кемінде 6-8 айға созылады. Көп жағдайда вакцина баланы, ең алдымен, туберкулезді менингиттен және аурудың ауыр таралған түрлерінен қорғайды, - делінген ақпаратта.
Ауру негізінен ауа арқылы таралады. Оның бактериялары ауада бірнеше сағат бойы сақталуы мүмкін. Туберкулезді кез келген жаста жұқтыру ықтималдығы бар. Бірақ бұл әсіресе балалар мен денсаулығы әлсіреген ересектер үшін қауіпті.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?