Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШҚО-да шенеуніктер бір көзден заңсыз келісім-шарттар жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО прокуратура органдары төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және жою үшін мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасудың заңдылығын талдады.
Талдау нәтижесінде 1,4 млрд теңге сомасына заңсыз жасалған 78 келісім-шарт анықталды.
Осы шарттарды жасау кезеңінде төтенше жағдай жарияланбағаны, тиісінше, бір көзден шарттар жасауға негіз болмағаны анықталды.
Атап айтқанда, ЖАО қарды шығару, әкімшілік ғимараттарды ағымдағы жөндеу, мұздан тазартатын реагенттер және т.б. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алған.
Қолданыстағы заңнамада көзделмеген жағдайларда тікелей шарт жасау арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Бүгінгі күнге дейін шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді