Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, Шығыс Қазақстан облыстық соты биылғы 12 шілдеде облыстың Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б.Нұралиев пен оның орынбасары А.Тұрақбаевқа қатысты үкім шығарды.
Олар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және кенді салмақ параметрлерінен асыра тасымалдау жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке 63 млн теңге сомасында залал келтіруге әкеп соқты. Сот үкімімен Б.Нұралиев пен А.Тұрақбаевқа мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - делінген мәліметте.
Үкім заңды күшіне енді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар