29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында қайығы аударылып қалған екі балықшы құтқарылды. Бұл туралы Kazinform-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданы Бұқтырма су қоймасындағы «Қызыл ту» паром өткелінің жанында 57 және 67 жастағы екі балықшы қайықпен келе жатқан. Кенет қатты соққан желдің салдарынан резеңке қайықтары аударылып қалды.
Жақын жерде болған паром қызметкерлері, басқарушы Қадылбек Жармұхамбетов, капитан Серік Дүкетаев, механик Александр Устинов, моторист Каһарман Әбікенов, матрос Людмила Кроюкова және электрик Оқасов Құдайберген құтқарушылар келгенге дейін балықшыларға құтқару шеңберін лақтырып, судан алып шықты. Ер адамдарға медициналық көмек қажет болмады. Жағалауға жеткеннен кейін олар жеке көліктерімен Алтай қаласына бағыт алды, - делінген ақпаратта.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек