20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШҚО полицейлері көшкін салдарынан жолда қалып қойған көліктер колоннасын алып жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қар үйіндісі Өскемен-Алтай автожолындағы көлік қозғалысын 2 сағаттан астам уақытқа бөгеді. Автожолдың 63-ші шақырымында таудан қар көшкіні түскені туралы хабарлама алғаннан кейін, взвод командирі Шахмұрат Ержанов жол қозғалысының шектелуіне байланысты көліктер жинала бастаған жерге қарай бет алды.
Тәртіп сақшысы мүмкіндігінше жолды босатуға тырысып, басқа автокөлік жүргізушілерімен бірге жолды тазартуға кірісті. Жол аздап тазартылып кеңейтілген соң, полиция капитаны Ержанов өзінің патрульдік көлігімен 30-дан астам көлікке ілесіп жүріп, оларды қауіпсіз жерге дейін жеткізді, ары қарай жүргізушілер өз бағыттары бойынша жол тартты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?