10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында «Өскемен-Алтай» республикалық маңызы бар автожолының 66-шақырымында қар көшкіні қаупіне байланысты қауіпсіздік шаралары қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен полиция қызметкерлері жолды уақытша жауып, автокөліктердің біртіндеп өтуін ұйымдастырды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері кезекшілік етуде. Бүгінгі күні шамамен 40 автокөлік қауіпсіз өткелден өткізілді.
Бұл аймақта бұған дейін қатты жел мен мол жауын-шашын қар көшкіндерінің өздігінен түсуіне себеп болған еді.
Қар көшкіні қаупі кезеңінде азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады. Қар көшкіні қаупі бар аймақтарға барудан бас тартып, ауа райының болжамдарын мұқият қадағалау қажеттігі айтылып отыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді