19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шығыс Қазақстан облысында алдағы 3 күнде қар көшкіні жүруі мүмкін , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6-8 қаңтар аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.
Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыз, бірден 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары