10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жоғалып кеткен 2 отбасы дрон арқылы табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшыларына жоғалған адамдардың жақындары хабарласты.
Олардың айтуынша, 30 тамызда 37 жастағы өскемендік ер адам жұбайымен, 10 жасар қызы және достарымен бірге Глубокое ауданы Қарағожы ауылына қарай демалуға барып, 1 қыркүйекте оралуды жоспарлаған. Алайда сол күннен бастап мүлде хабар-ошарсыз кеткен.
Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы төрт ересек адам мен екі баланы іздеуге жұмылдырылды. Облыстық Полиция департаменті аппаратының қызметкерлері мен құтқарушылар бірнеше топқа бөлініп, аймақты бірге қарады. Сонымен қатар іздеу жұмыстарына дрон пайдаланылды, - делінген ақпаратта.
Сол арқылы екі отбасының орналасқан жері белгілі болды. Олар өзен деңгейінің көтеріліп кетуінен бір орында қалып қойғанын жеткізді.
Біз демалуға келген едік. Алайда бір сәтте өзен деңгейі көтерілді. Үш күн бойы бұл өзеннен өте алмадық. Абырой болғанда, қазір бізде бәрі жақсы. Іздеуге қатысқандарға алғысымызды білдіреміз, - дейді отбасы мүшелері.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді