Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШҚО-да полицейлер пәтер ұрыларын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігі тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығында ұрлық жасау мақсатында басқа өңірлерден келген бұрын сотталған екі ер адамды анықтаған.
Қаңтар айының басында қылмыскерлер өздерінің қылмыстық ойын іске асыру мақсатында Өскемендегі үйлердің біріне кіріп, алтын бұйымдар мен күзен тонды ұрлаған. Кейіннен ұрланған заттардың бір бөлігі жалдамалы пәтерден тәркіленген. Олар алтын бұйымдарды тиісті жерлерге өткізіп, ал түскен ақшаны жұмсап үлгерген. Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің біреуі соттың санкциясымен қамауға алынды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?