10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысы аумағында төтенше өрт қаупі әлі де сақталып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірде өрт сөндіру бөлімшелері күн сайын құрғақ шөптің жануына қарсы күрес жүргізіп келеді. Аптаның басынан бастап олар шамамен 20 рет жану оқиғаларына шығып, жедел іс-әрекет нәтижесінде аумағын ұлғайтпай тез сөндірді. Құрғақ шөптердің жануы негізінен халықтың отқа немқұрайлы қарауы және найзағайдың түсуінен орын алатыны анықталды.
Өрт қауіпті кезеңде облыс аумағында өрт инспекторлары, орманшылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар қатарынан 250-ден астам адамнан тұратын 46 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Олар орман аймағындағы алқаптарға мониторинг жүргізеді және рейдтік іс-шаралар өткізеді, рейдтік іс-шаралар барысында 51 өрт қауіпсіздігін бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мобильді топтар демалыс орындарында демалуышыларға және азаматтарға орманда ашық отты абайсызда пайдалану, өрттің негізгі шығу себептері, өрт қауіпсіздігі саласындағы барлық ұсыныстарды орындау қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі ақпараттарды айтуда.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді