10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқтығын атады. Қазір өрттің жалпы ауданы анықталып жатыр.
Жетуі қиын таулы жерде шөп пен бұта өртенуде. Сол жерге өрт сөндірушілердің, орманшылардың, жергілікті атқарушы органдардың және «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің жеке құрамынан 123 адам, 3 техника жұмылдырылған. ШҚО әкімдігінің авиация бөлімшесінің 2 тікұшағы да тартылды. Тікұшақтармен барлығы 10 рет су төгілді. Белсенді жану ошақтары жоқ. Кей жерлерде жекелеген түтіндер байқалады. Ол жерлерде де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өрттің таралуына жол берілген жоқ, - деп жазылған ТЖД таратқан ақпаратта.
Оқиға орнына ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев арнайы барған. Сондай-ақ, облыстың жаңадан тағайындалған әкімі Ермек Көшербаев қазір Риддер қаласынан 80 шақырым жерде тұтанған өртпен күрес жұмыстарын бақылап отырғаны белгілі болды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді