20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШҚО-да мас тұрғын полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1 тамызда “112” жедел арнасына белгісіз ер адам қоңырау шалып, “Энергетик-2” бау-бақша серіктестігі учаскелерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Дабыл түскеннен кейін бірден оқиға орнына мамандандырылған қызметтер жіберілді. Тексеру нәтижесінде қоңырау жалған болып шыққан. Тәртіп сақшылары қоңырау шалушыны тез арада анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны болып шықты.
Сараптама қорытындысы бойынша ұсталған азамат алкогольдік масаңдықтың “орташа дәрежесінде” болған.
Аталған факті бойынша көрсетілген адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, - деп хабарлады полициядан.
Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтар үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарларды ескере отырып, қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?