10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШҚО-да колония аумағына тыйым салынған заттарды жеткізудің екі дерегі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысында ҚР ІІМ ҚАЖК №17 және №18 мекемелерінің қызметкерлері колония аумағына тыйым салынған заттарды жеткізуге жасалған екі әрекеттің жолын кесті. Бірінші жағдайда, түнде №18 мекемесінің іргелес аумағында 10-нан астам ораманы өткізуге тырысқан ер адам ұсталды.
Жеке тінту кезінде одан өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған 12 орама, сондай-ақ фонаригі бар тұтандырғыш табылды. Тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Мамандардың алдын ала мәліметтері бойынша, бұл кептірілген марихуана. Операцияға 5511 әскери бөлімінің қызметкерлері, кинологиялық қызмет, сондай-ақ АІІБ және мекеменің жедел-режимдік бөлімінің өкілдері қатысты. Оқиға орнына Шемонаиха ауданы АІІБ жедел-тергеу тобы шақырылды. Екінші жағдайда, №17 мекемесінде 5 орамы бар 3 курс студенті ұсталды, олардың ішінде телефондар мен керек-жарақтар болған.
Екі заң бұзушы да жауапкершілікке тартылады. Есірткі тасымалдаушыға – қылмыстық, студентке – әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері түзету мекемелерінде тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қарсы күресті жалғастыруда.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді