29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәсіпкерлерді жауаптылық мерзімі өткен құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартудың жүйелі фактілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер органдары бизнес субъектісін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымның жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Алайда құқықбұзушылық жасалған сәттен бастап және фактінің анықталуына дейін 2 жылдан астам уақыт өткен.
ӘҚБтК-нің 62-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам құқықбұзушылық жасалған кезден бастап 2 ай өткен соң әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды. Осы жағдайларды ескеріп, Өскемен қаласының прокуратурасы мемлекеттік кіріс органының қаулысына наразылық енгізген. Наразылық қанағаттандырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қатысты тағы 56 заңсыз әкімшілік іс анықталды. Оларға да наразылық енгізілген. Бүгінде 19 наразылық қанағаттандырылды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек