Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысында газ құю стансасындағы жарылыстан ауруханаға түскен екі адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, денесін 100 пайыз дерлік күйік шалған екі адам көз жұмды.
Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат бойы күресті. Өкінішке қарай, екеуін аман алып қалу мүмкін болмады, - делінген ақпаратта.
Ал ер адам мен әйелдің жағдайы жақсарып келеді.
Қазір олардың жағдайы тұрақты. Пациенттерге бүкіл қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 22 маусымда Шемонаиха қаласында газ құю стансасында болған жарылыстан адамдарды күйік шалған еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді