10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысында биыл 63 бала қызылша жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір бойынша жыл басынан бері қызылша жұқтырған 74 адам тіркелгенін мәлімдеді. Ауырғандардың басым бөлігі, нақты айтқанда 85,1%-ы 14 жасқа дейінгі балалар (63 жағдай).
Науқастардың 81,1%-ы қызылшаға қарсы вакцина салдырмаған. Оның ішінде 17 пациент жоспарлы вакцинация жасына жетпесе, 16 адамда медициналық қарсы көрсетілімдер болды. Ал 23 адам вакцина салдырудан өз еркімен бас тартса, 4 адам екпе алу мүмкіндігін өткізіп алған, - дейді басқарма басшысы Қанат Тұрдиев.
Жүргізілген эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде 17,6% немесе 13 адамның қызылшаны Алматы, Атырау қалаларында, Түркия және Тәжікстан елдерінде жұқтырғаны анықталды.
Науқастармен байланыста болған 68 адамға қызылшаға қарсы екпе егілді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 31 бала бар.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді