20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШығыс Қазақстан облысында аюды атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, олар Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстаған. Күдікті жыртқышты етін тұтыну үшін атып өлтірген.
Тәртіп сақшылары оқиға орнынан рұқсат құжаттары бар 12 калибрлі Ataarms және 308 калибрлі Zauermod мылтықтарын, квадроцикл және аюдың ұшасын тәркіледі. Кейін олар ветеринарлық зертханаға сақтауға берілді. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды, – делінген полиция хабарламасында.
Осы факті бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі («Заңсыз аңшылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?