10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысында әйелін қорқыту үшін полицияға жалған арыз түсірген ер адам сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлан ауданының тұрғыны полицияға жалған арыз түсіргені үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ер адам әйелін қорқыту үшін осындай қадамға барған.
Азамат жұбайымен телефон арқылы сөзге келісе алмай қалған. Отбасындағы автокөліктің иесі болған әйелі оған көлікті жеке мақсаттарына жиі пайдаланатынын айтып сөккен. Соған ашуланған күйеуі ағасына хабарласып, көлікті гаражына жеткізіп беруін өтінді. Кейін полицияға көліктің ұрланғанын хабарлады.
Тәртіп сақшылары ер адамға жалған хабар беріп жатса ҚР ҚК-нің 419 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескерткен. Алайда ол мұны елемей, заңға қайшы әрекетін қасақана жалғастырды. Қазіргі уақытта сотталған ШҚО Ұлан аудандық пробация қызметінің есебінде тұр, - делінген ақпаратта.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді