30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыШҚО-да жаңа әуежай құрылысы кезінде бүлінген республикалық жолды мердігер ұйым қалпына келтірілетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысында жаңа әуежайдың құрылысы кезінде зақымдалған «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» бағытындағы республикалық маңыздағы автожол қалпына келтіріледі. Бұл туралы мердігер компанияның ресми өкілі хабарлады.
Аталған жолдың 252-ші шақырымынан 311-ші шақырымына дейінгі учаскесінде құрылыс материалдарын жеткізу барысында ауыр техника жиі жүрген. Соның салдарынан жол жабыны мен инженерлік құрылыстар айтарлықтай зақымданған.
Сонымен қатар, көктемгі маусым кезіндегі ылғалдың артуы да жолдың бүлінуіне әсер еткен. Артық ылғал жолдың көтергіш қабілетін төмендетіп, асфальт жамылғысының бұзылуына әкеп соққан.
Мердігер компания бұл жол учаскесін өз қаражаты есебінен жөндеуді міндетіне алды. Жөндеу жұмыстары бас мердігерлермен жасалған үшжақты келісім аясында кезең-кезеңімен жүргізіледі. Атқарылатын жұмыстардың көлемі мен мерзімі тараптармен келісілген.
Бұл жол – жергілікті тұрғындар мен туристер үшін өте маңызды бағыт. Сондықтан біз құрылыс кезінде зақымданған учаскелерді қалпына келтіруге толық дайынбыз. Жөндеу жұмыстары уәкілетті органдармен тығыз байланыста жүзеге асырылады, – деді компания өкілі Әсет Сұлтанов.
Үшжақты келісімге қол қойылған сәттен бастап күшіне енді және ресми түрде тоқтатылғанға дейін жарамды болады. Құжат облыстың маңызды көлік инфрақұрылымын сақтап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды