6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында баланы ит қауып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтай қаласында 8 жасар баланы көршінің иті қауып алған.
Куәгерлердің айтуынша, иесі қақпа есігін ашық қалдырғанының салдарынан ит сыртқа шығып кеткен. Сол жерде бала жалғыз өзі ойнап жүрген. Ит балаға атылып, арқасынан тістеген. Абырой болғанда, бала аман қалды. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылған.
Аталған факті бойынша жануар иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабы 1-бөлігімен (жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі