Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында ауылдық инфрақұрылымды дамыту және ветеринариялық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Бүгін, 20 қарашада Веселов ауылдық округіне қарасты Веселовка ауылында жаңа ветеринариялық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жаңа нысан ауыл тұрғындарына ветеринариялық қызметтерді тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға, профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуге, сондай-ақ үй жануарлары мен ауыл шаруашылығы жануарларының жағдайына тиісті ветеринариялық бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту ауылдық елді мекендер үшін ерекше маңызға ие. Себебі мал шаруашылығы ауыл тұрғындарының негізгі кәсіптерінің бірі әрі көптеген отбасының табыс көзі болып табылады.
2026 жылға арналған жоспар аясында Шығыс Қазақстан облысында 32 ветеринариялық пункт, үш аудандық ветеринариялық станция және 25 мал қорымын салу көзделген. Бүгінгі таңда жоспарланған нысандардың 70 пайыздан астамы пайдалануға беруге дайын.
Аталған шараларды іске асыру ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауылдық елді мекендер тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Веселовка ауылында ветеринариялық пункттің ашылуы – ауыл инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кезекті маңызды қадам.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары