10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШҚО-да 20 жастағы тұрғын есірткі сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жас жігіт қала жағажайының маңында есірткіні қойып жатқан жерінен ұсталды. Оны тінту кезінде жедел уәкілдер изолентамен оралған ерекше иісі бар ұнтақ затпен бірнеше қорап тәркіледі.
Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерінен полиция қызметкерлері жалпы салмағы 42 грамнан асатын α-PvP психотроптық заттарын тәркілеген, бұл қара нарықта 140 реттік дозаны құрайды. Күдіктіге қатысты есірткі құралдарын заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды.
Оның мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді