20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлімізде алдағы бірінші шілдеден бастап төрт күндік жұмыс пайда болады. Еңбек кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзгерістер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен енгізіледі.
Өзгерістерге сәйкес, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ ұзақтығы тараптардың келісімімен белгіленетін толық емес жұмыс аптасы қарастырылған. Жекелеген өндірістерде әр түрлі апталарда бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасын қатар белгілеу қажеттігі туындап отыр.
«Жұмыс уақыты режимі» деген 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылады: «Еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын кезектестіру құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге рұқсат беріледі»
84-бапта төрт күндік жұмыс режимі кезіндегі демалыс күндері белгіленген.
Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасы кезінде жексенбі ортақы демалыс күні болып табылады. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен немесе еңбек тәртібі ережелерімен белгіленеді, - деп жазылған заңда.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?