Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАктивтерді қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов атқарылған жұмыс бойынша есеп берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Тұтастай алғанда бүгінгі таңда мемлекетке ортақ күш-жігермен 760 миллиард теңгеден астам сомаға активтер қайтарылды. Оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 миллион доллар бар, - деді Берік Асылов.
Оның айтуынша Жоғарғы сот бұрын негізсіз олигополия субъектілерінің пайдасына шығарылған шешімдерді де кері қайтарды.
Бас прокурордың 24 наразылығын қанағаттандырды. Мысалы Алматы ауыр машина жасау зауытының 31% акциясын жекешелендіруді заңсыз деп тану туралы сот шешімі қабылданды. Басқа жағдайда Жоғарғы Соттың қаулысы астаналық «Думан» қонақ үй кешенінің иелерінен 1,3 миллиард теңге өндіріп алуға мүмкіндік берді, - деді бас прокурор.
Бұдан басқа, соттар заңсыз сатылған мемлекеттік мүлікті қайтару жөніндегі ондаған талаптарды қанағаттандырған. Олардың ішінде өндірістік нысандар, базарлар, коммерциялық үй-жайлар, элиталық учаскелер және т.б. бар.
Сот шешімі бойынша АМӨЗ меншігіне Атырау қаласындағы Сұйытылған мұнай газды сақтау паркінің 50% үлесі қайтарылды, - деді Берік Асылов.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар