29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Үкімет отырысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров шетелдік инвестицияларды тарту және инвестициялық саясатты іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz
Оның айтуынша, шетелдік инвестициялар ағыны бойынша Қазақстан 46% үлесімен Орталық Азияда бұрынғысынша көш бастап тұр.
«2021 жылы Қазақстанға негізгі инвесторлар ретінде Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Ресей Федерациясы, Қытай, Бельгия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия және Франция кірді. Барлық негізгі сала бойынша өсім байқалды: тау-кен өнеркәсібінде 18,3%, өңдеу өнеркәсібінде 65,4%, саудада 46,7%, қаржы және сақтандыру қызметінде 57,2%, құрылыста 37,8%. Президенттің тапсырмасы бойынша биыл сәуір айында елімізде іске асырылып жатқан барлық инвестициялық жобаның бірыңғай пулы қалыптастырылды. Бүгінгі таңда пул жалпы көлемі 24,4 трлн теңгені құрайтын 765 жобадан тұрады және 112 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейді», - дейді Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек