20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет отырысында креативті индустрияларды дамыту және мәдениет пен өнер салаларын цифрландыру мәселесі қаралды. Тиісті министрліктердің баяндамалары тыңдалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша шығармашылық тауарлар мен қызметтердің әлемдік экспорты 250 млрд доллардан асты. G20 Insights зерттеу компаниясының болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай креативті экономиканың үлесі әлемдік ЖІӨ-нің кем дегенде 10% құрайды.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында креативті индустрияны дамытуды қолдау шараларының топтамасын әзірлеуді тапсырған болатын. Тиісті заңнамалық база қабылданды. Іске асырылған шараларның нәтижесінде еліміздегі креативті экономика 2019 жылдан бері 3 еседен астам өсті. Алайда оның Жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі салыстырмалы түрде әлі де төмен деңгейде – 1% шамасында. Сонымен қатар кейбір «шығармашылық» салалардың өсу қарқыны жекелеген өндірістік секторларға қарағанда жоғары болып отыр, — деп атап өтті Премьер-министр.Былтыр компьютерлік ойындарды әзірлеу саласы жалпы қосылған құнға шамамен 460 млрд теңге қомақты үлес қосты. Өткен жылы қазақстандық кино өндірісі өсті.
Қазақстандық кино өндірісі былтыр 58%-ға өсті. Кассалық табысы ең жоғары 10 фильмнің арасында әрбір екінші таспа отандық өндірістің туындысы болды. Шетелдік және отандық картиналардан түсетін алым шамамен теңесті. Бұл көрермендердің ұлттық контентке деген қызығушылығының артып келе жатқанын білдіреді,— деп атап өтті Олжас Бектенов.Премьер-министр Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда жобалар санын көбейтіп, тек пайда түсіруді ғана мақсат етпей, фильмдердің сапасына баса назар аударуды тапсырғанын атап өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?