Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы қаласында киберқылмыс жасады деген күдікпен қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, операция 2025 жылдың шілде айында ҰҚК мен шетелдік әріптестердің бірлескен жұмысы нәтижесінде жүргізілген.
Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз қол жеткізіп, зиянды бағдарламалар арқылы компьютерлік деректерді шифрлаған. Кейін ол деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен.
Тінту барысында күдіктінің кибершабуылдарды жүзеге асыру үшін қолданған заттай айғақтар тәркіленді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар