Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекДәл қазір Орталық референдум комиссиясында шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы ақпарат таратылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан әлемнің 59 елінде дауыс беру үшін 74 учаске құрылғанын айтты.
Дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны – 12307. Сағат 8:15-тегі жағдай бойынша шетелдегі 26 учаскелік референдум комиссиясы жұмысын бастады. 48 учаскенің ашылуы күтілуде. Жақын арада Орта Шығыс және Еуропада орналасқан учаскелер өз жұмысын бастайды. Жалпы шетелдегі азаматтарымыздың дауыс беру үрдісі белсенді болып жатқанын байқаудамыз. Уақыт айырмашылығына байланысты Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Октава қалаларындағы және Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскелері жұмысын бастайды, – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.
Айта кетейік, республикалық референдумға барлығы 177 халықаралық бақылаушы аккредиттелген, оның ішінде 4 ірі халықаралық ұйымдардан 102 бақылаушы және 30 шет мемлекеттерден 75 бақылаушы бар.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес