Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«500 ғалым» жобасы аясында шетелде тағылымдамадан өтетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі мәлімдеді.
Бұл бағдарлама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жыл сайын 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында бекітілген. Жетекші мамандар мемлекет есебінен тағылымдамадан өтіп, әлемнің үздік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен салалық ұйымдарында бірлескен зерттеулер жүргізеді.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы өтініштерді қабылдауды және ғалымдарды іріктеуді өткізеді. Былтыр біз ғалымдарды іріктеудің жаңа ережелерін әзірледік. Осының арқасында комиссия құрамына инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторлары енеді», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді