20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ОСК брифингінде баяндама жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді (дауыс беруге 59,79% қатысты). 60 сайлау учаскелері әлі өз жұмысын жалғастыруда. Атап айтқанда, Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде. Тағы 1 Сан-Франциско қаласындағы учаске Астана уақыты бойынша сағ. 20.00-де ашылады. Еске сала кетейін, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 59 мемлекетте 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылған болатын, дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны 12 307, - деді ол.
Бүгін, Астанада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) сияқты халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен бірқатар брифингтер өтті.
Миссия басшылары атап өткендей, республикалық референдум Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өтуде. Олардың пікірінше, референдум ашық, еркін және заңды болып табылады, олармен учаскелерде бірде-бір бұзушылық анықталған жоқ. Сонымен қатар, халықаралық бақылаушылар біздің сайлаушылардың жоғары белсенділігін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, өздеріңізге мәлім, референдумды 200 астам шетелдік журналисттер жарықтандыруда, - деп атап өтті Роман Василенко.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?